2 қыркүйекте парламенттің бірлескен отырысы өтеді

Көркем Алдабергенова 28 там. 2025 18:00

2 қыркүйекте парламенттің бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада шақырылады. Бұл туралы мәжіліс төрағасының өкімінде жазылған.

Президент жолдауы қашан жасалады?

Әдетте мемлекет басшысы дәл осы күні халыққа жолдауын жасайтын. Алайда биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы 8 қыркүйекке жоспарланған.

Неге кейінге қалдырылды?

Бұған дейін Тоқаевтың 30 тамызда Қытайға бес күндік ресми сапармен баратыны хабарланған еді. Осы себепті президент жолдауының мерзімі бір аптаға шегерілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар