Әділдік іздеп ашынғандар бүгін құзырлы органдардың өкілдерін жинап жиналыс ұйымдастырды. Наразы топтың айтуынша, құзырлы органдар істі бүге-шігесіне дейін тексермеген.
Тергеу бір жарым жылға созылып, соты жазда басталған. Ал қаржы пирамидасын құрған азамат бір жарым жылдан бері іздеуде.
Қазір тек нотариус пен екінші құрылтайшы ғана қамауда отыр. Жиналғандар жұртты тақырға отырғызғандардың бәрі заң алдында жауап беруін талап етуде.
Тергеу мәліметіне сай, бұл қаржы компаниясы 700-ге жуық салымшының 3 млрд теңгесін жоқ қылған. Оның ішінде 300 көлік пен 26 үй бар.
Компания салымшыларды ай-сайын қомақты өсімпұл алып отырасыңдар деп сендіріп, көп ұзамай жабылып қалған.
– Қаржы пирамидасына халық 300 мың теңгеден бастап қаржы салған. Ең көбі 28-40 млн теңгеге дейін салып жіберген. Мен 16 миллионға үйімді сатып салдым. Біздің талабымыз – Үкіметтен арнайы комиссия құрып, бұл мәселені қайта тексеруі керек, – Ақтау қаласының тұрғыны Сайлаугүл Әсемова: