13 жылдан кейін Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды

Dalanews 17 қар. 2023 11:32 946

Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды. Төртінші қазандықты іске қосу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖЭО-3-тің жалпы жылу қуаты сағатына 440 Гкал-ды құрайды.

Айта кетейік, осы жылдың қазан айында ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталған болатын.

Осыдан кейін қуаты 220 Гкал/сағ болатын 2 қазандық іске қосылды.

ЖЭО-3 биылғы жылыту маусымында жұмысын бастады. Қазіргі уақытта үш қазандықтың қуаты сағатына 330 Гкал жылуды құрайды. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтиды.


ЖЭО-3 қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысан болып саналды. Себебі жылу магистралінің капсуласы 2010 жылы салынған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар