1200 адам түкіргені үшін 19 млн айыппұл арқалады

Dalanews 13 қыр. 2023 11:34 848

Астанада қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салу жалғасып жатыр.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, бүгін 1 200 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері қоғамдық орында және көшелерде түкірген азаматтарға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

«Біз жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқықбұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз (ӘҚБтК-нің 434-2 бабы, 5 АЕК айыппұл), қоғамдық орын мен көшелерде түкіретін азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Осы құқықбұзушылық үшін (түкіру) 19 миллион теңге сомасына 1 200 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, барлығы 5 миллион теңге немесе 28 пайыз өндірілді», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар