Ол 5-12 маусым аралығында Грузия елі Батуми қаласында шахматтың блиц және рапид түрінен Әлем чемпионатына қатысқан болатын.
Әлемнің 36 елінен 500-ге жуық шахматшылары қатысқан-ы. 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Алтынбек Айару Әлем чемпионы атанып, жер жүзіне көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатты.
Сондай-ақ ол шахматтың рапид түрінен 2 орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды.
Айару көпбалалы отбасынан шыққан, өте еңбекқор бала, Айарудың қанжығасында шахматтан Астана қаласының 4 дүркін чемпионы, Қазақстан 2 дүркін чемпионы, 2022 жылдың желтоқсан айында Шри Ланка елінде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Астана қаласының 2022 жылғы дарынды балаларға арналған "Ең керемет" жобасының жеңімпазы.