Жаңа Конституция жобасы референдумда қолдау тапқан жағдайда, негізгі заң 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап қолданыстағы Конституция нормаларының күші жойылып, қазіргі Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жобаға енгізілген өтпелі ережелерге сәйкес, мемлекет басшысы бір ай ішінде жаңа заң шығарушы органға сайлау жариялауы тиіс. Жаңа бір палаталы парламент "Құрылтай" деп аталып, сайлау тағайындалған күннен кейін екі айдан кешіктірілмей өткізілуі қажет.
Осылайша, референдум оң нәтиже берсе, елде конституциялық жүйе жаңарып, жылдың екінші жартысында жаңа заң шығарушы орган қалыптастыру кезеңі басталады.
