1 млн доллар дауы: Бишімбаевтың туыстарына қатысты сотта жаңа мәліметтер айтылды

Қаракөз Амантай 11 жел. 2025 15:22

Астанада Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекованың туыстарына қатысты сот жалғасып жатыр. Экс-министрдің анасы өз туысы Бекзат Кемелованы 1 миллион доллар жымқырды деп айыптаған. Сотта Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Қозыкеұлы да куәлік берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Уәлихан Бишімбаевтың айтуынша, 2024 жылдың ақпанында Салтанат Нүкенованың қазасынан кейін бірнеше ай өткен соң марқұмның отбасы моральдық өтемақы ретінде 2,5 миллион доллар талап еткені туралы ақпарат болған. Бұл мәлімет Бекзат Кемелованың күйеуі Қайрат Кемелов арқылы берілген жазбада көрсетілген. Алайда Кемелов бұл жайтты сотта ашық айтуға қорыққан.

"Мен оған: егер бұл деректі сотқа ұсынсаңыз, жазбаның берілгенін растауыңыз керек деп кеңес бердім. Бірақ Қайрат: “Олай айта алмаймын, қорқамын” деді. Неден қорқатынын сұрағанымда, ол хайптың астында қалудан, сынның отбасына, жұмысына, балаларына әсер етуінен қауіптенетінін айтты", – деді куәгер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар