1 ақпаннан бастап Ресеймен шекара уақытша жабылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Ресей шекарасында Орынбор облысындағы өткізу бекеттері арқылы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл Орск және Маштаково өткізу бекеттеріне қатысты.
“Бұл шектесетін Әлімбет және Сырым өткізу бекеттерінің жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуына байланысты”, - деп хабарлады Росгранстрой.
Жөндеу жұмыстары 16 айға дейін жалғасады деп жоспарланған.