Тоқаев Қазақстан атауын өзгертуге ұсыныс жасаған елшіге сөгіс берді

Dalanews 06 мам. 2022 05:29 311

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісіне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады", - делінген Президеттің баспасөз қызметі хабарламасында.

...

Бұған дейін ел атауына қатысты пікірін білдірген Қайрат Лама-Шариф "стан" ұғымы "мемлекет" мағынасын бермейтінін алға тартып, "Қазақ мемлекеті" деген атауды қабылдауды ұсынған еді.

Оның айтуынша, бүгінгі күні БҰҰ-ның құрамындағы 193 мемлекеттің жетеуінің атауы "стан" жұрнағымен аяқталады. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және тағы басқалар.

Осы орайда Қайрат Лама-Шариф "стан" жұрнағының ресми термині "мемлекет" мағынасын бермейтінін айтқан.


"Сондықтан, менің пікірімше, Ата заңымызға өзгерістер енгізгенде ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ, КАЗАХСКОЕ ГОСУДАРСТВО (орысшасы), STATE OF QAZAQ (ағылшын тілінде) деп тайға таңба басқандай жазуымыз керек", – деген еді Лама-Шариф.

Сонымен қатар, дипломат БҰҰ-ға мүше 193 елдің 125-і мемлекеттің толық ресми атауына "республикасы" деген сөзді қосып жазатынына да тоқталған.

"Осы тізімде атына заты сай келмейтін, демократиялық құндылықтарын жоғалтқан, бір суперпрезидентке жылдар бойы табынған "республикалар" жеткілікті. Сондықтан мемлекеттігімізді көрсететін "State of Qazaq" атауын көпшіліктің талқысына саламын", – деген болатын дипломат.

Одан бөлек ол латын тілінен енген "ia" сөз тудырушы жұрнақты қосып, қысқа атаумен аталатын елдерді де ескеріп, Қазақ мемлекетінің қысқа атауын "QAZAQIA" дегеніміз жөн болар деген де ұсынысын жеткізген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x