Украинада 300-ге жуық орыс танкілерінің сүйегі шашырап жатыр - Oryx жобасы

Dalanews 15 сәу. 2022 04:52 222

Украинаға басып кіргелі бері Кремль 500-ден астам танкісінен айырылған деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Майдандағы қираған әскери техниканың санағын жүргізетін Oryx жобасының мәліметінше украин жауынгерлері 257 танкінің көзін жойып жіберген, 9-ына зақым келген, 40 шақтасын орыстардың өзі тастап кеткен, 200-ге жуығы соғыс барысында Украинаның иелігіне өткен.

Басқыншылар негізінен 2016 жылы құрастырылған заманауи Т-72 танкісінен айырылған, ал Т-80 танкілерінің басым бөлігін украин сарбаздары тартып алған.

"Орыстарға тиесілі Т-90А танкілерінің сүйегі майдан даласында шашырап жатыр. Путин қып-қызыл шығынға батты", – дейді жоба сарапшылары. Өзге 62 танкінің үлгілері әлі де анықталу үстінде.

Oryx дерегі бойынша осы соғыста Украин тарабы Т-64БВ деп аталатын 110 танкісінен айырылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x