Дариға Назарбаева: "Әкімдер өтірік цифрларды судыратады"

Dalanews 06 ақп. 2020 15:46 268

Сенатта Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, көрсеткіштерге ұмтылу әкімдерді мәліметтерге көрсеткішті қосып жазуға мәжбүр етіп отыр.

"Өйткені олардың орындығында "отыруы" осыған байланысты болуда. Ауыл шаруашылығының бәрі жеке меншікте әрі өнім өндірушілер де жеке адамдар болғанда – бұл таңқаларлық жағдай.

Біз жоспарлы экономикадан бас тарттық. Ендеше әкімдіктер неге цифрларды ойдан шығаруға мәжбүр болып отыр?!


Сондықтан әдіс-тәсілдерді өзгерту керек", - деді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаеваның пікірінше, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттік сатып алу кезінде әжептәуір проблемалар туындайды.

"Бастапқы идея жақсы болды. Ол бюджет қаражатын жымқыруды қысқартуға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру кезіндегі ашықтыққа бағытталған. Қағаз жүзінде бәрі жақсы болды. Заңдар да қабылданды, қаншама түзетулер енгізілді. Әйтсе де, осының бәрі жұмыс істемей отыр", - деді Сенат Төрағасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x