Алматыдағы атыс: ауыр жарақат алған полицей қайтыс болды

Dalanews 11 там. 2016 03:55 241

 Алматыдағы 12-ші аурухананың реанимация бөлімінде атышулы Руслан Күлікбаевтың бүлігі кезінде ауыр жарақат алған полицей қайтыс болды.

Дәрігерлер бұдан бұрын да полицейдің жағдайы өте ауыр екенін, оның өмір мен өлімнің ортасында жатқанын хабарлаған. Ақыры, ажал алып тыныпты.

Қайтыс болған полицей Жалғас Келдібаев 1992 жылдың 1 қыркүйегінде өмірге келген. Алматы қалалық жол-патруль полициясының қызметкері. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Үйленбеген.

«Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрам қаза тапқан Жалғас Келдібаевтың отбасына және жақын туыстарына қайғырып көңіл айтады», – делінген Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз хабарламасында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x