Республика күні қарсаңында ШҚО-да Мәдениет үйі мен медресе пайдалануға берілді

Dalanews 23 қаз. 2022 03:14 225

Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында әлеуметтік нысандар ашылып, халық қуанышқа бөленді. Айталық, Глубоко ауданында көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойласа, Зайсан ауданында Мәдениет үйі мен ауданда алғаш рет  балаларға діни білім беретін медресе ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Глубоко ауданында тұратын көпбалалы отбасылар «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында өздерінің көптен күткен баспаналарына қол жеткізді.

– Құрметті алтын құрсақты аналар, сіздерді Республика күні қарсаңында баспаналы болып, қуанышқа кенеліп жатқандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Биыл алғаш рет жоғары деңгейде атап өтіп жатқан Республика күні сіздердің естеріңізде мәңгі қалатына сенімдімін. Бүгін біздер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаумен облыс әкімі Даниал Ахметов пен аудан әкімі Элдар Тумашиновтың қолынан пәтер кілтін алып, үлкен қуанышқа бөленіп жатырмыз. Еліміздің өсіп өркендеуі жолында еңбек сіңірген ел азаматтарға және жаңа үйлерді салған құрылысшыларға аналар атынан алғыс айтамыз! Жаңа үйге қол жеткізген көпбалалы отбасылардың балаларын жарқын болашақ күтіп тұр! – деп Глубоко ауданынан тұрғыны Меруерт Махтиева алғысын білдірді.

Сонымен қатар Зайсан ауданына қарасты Айнабұлақ ауылында Мәденит үйі көпшіліктің пайдалануына берілді. Жаңадан ашылған Мәдениет үйінде ауылдың өнерпаздары Республика күні мерекесіне арналған алғашқы концертін ұйымдастырып, ауыл халықына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жаңа нысанның ашылуында Зайсан ауданының әкімі Дулат Қажанов аудан мен ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады.  


Сонымен қатар Зайсан ауданы әкімдігі Республика күні қарсаңында осыдан бір жыл бұрын құрылыс басталған медресе жас жеткіншектерге есігін айқара ашқанын айтып, қуанышты жаңалықтарымен бөлісті.  Осы ретте медресенің ашылуына жергілікті халық пен кәсіпкерлер белсене атсалысқанын айта кетуіміз керек. Өз кезегінде Зайсан ауданының әкімі Дулат Қажанов сауабы мол іске өз үлесін қосқан азаматтарға алғыс айтты.

– Республика күні қарсаңында ашылған медресе жастарымызға ізгілік пен адамгершілік қағидаттарын үйрететіп, ұлтжанды азаматтар тәрбилейтіне сенімдімін. Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді аудан әкімі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x