Даниал Ахметов танымал қазақстандық суретші Алпысбай Қазғұловтың көрмесін тамашалады

Dalanews 19 мам. 2022 14:26 453

Шырайлы Шығыс ұзақ жылдар бойы жазушылардың, суретшілердің, ақындардың және басқа да шығармашылық тұлғалардың кешін өткізетін мекенге айналып келеді.  Өйткені қойнауына құт дарыған өлке, жергілікті тұрғындардың арқасында шығармашыл жандардың шабытын шыңдап, өнерлеріне қолдау көрсетуде.

Жаһанды жайлаған індет коронавирустық инфекцияның таралуынан туындаған ұзақ шектеулер, көп дүниелерге кедергі болды.  Індетті тұсап, қалыпты өмірге оралғаннан кейін, Шығыс Қазақстан өнер музейі келушілер алдында есігін айқара ашты.

Бүгінде мұражайда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының басқарма мүшесі Алпысбай Қазғұловтың «Уақыт сәулесі» атты  жеке көрмесі өтуде. Әлемге танымал жан сегіз мыңға жуық кескіндеме туындыларының авторы, коллекционер, меценант, Қазақстан Республикасының "Парасат" орденінің иегері, Еуропалық өнер Одағы Масарика атындағы  құрмет сыйлығының иегері Алпысбай Қазғұловтың көрмелері Бельгия, Қытай, Түркия, Ұлыбритания, Ресей, Жапония, Нидерландыда елдерінде өтіп, аьлғампаз еуропалықтарды таң қалдырған тұлға.

Даңқты суретшінің осындай кең ауқымды экспозициясы  Өскемен қаласында өтуіне өңір басшысы ұйтқы болды. ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов көрмені тамашалап Аспысбай Нығметұлымен сұхбаттасып, көрмеге тәнті болып, ерекше әсерін білдірді. "Өнертанушылар арасында Алпысбай Қазғұловты "түстерді бағындырушы" деп атайды, ол түрлі жанрлар мен түрлі-түсті гаммаларда жұмыс істейді. Мен облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының көркемдікке қол тигізіп, нағыз талантты адамның картиналарын көруге мүмкіндігі бар екеніне өте қуаныштымын" деді өңір басшысы.

Зерттеушілердің айтуынша, Алпысбай Қазғұловтың шығармаларында автордың жарқын әсерлерінің тұтас палитрасы жеңіл әрі әсем түрде берілген. Қамқорлықсыз Жастық шақ туралы жарқын естеліктер «Балалық шағымның ауылы», «әжемнің үйі», «айқас», «ойын», «біздің аула», «ыстық күн» сияқты жұмыстарда көрініс тапты.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x