ШҚО-да автокөлік иелері онлайн қызметке жиі жүгенетін болған

Dalanews 10 желт. 2021 04:38 218

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов Аймақтық коммуникациялар орталғында баспасөз мәслихатын өткізіп, соңғы уақыттары ШҚО автокөлік иелері мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде жиі пайдаланатын болғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналистермен кездескен Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов жыл басынан бері шығысқазақстандық жүргізушілер мамандандыырлған Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан 26 мың мемлекеттік қызметті онлайн режимде пайдаланғанын алға тартты. Олардың арасында он мыңға таяу азаматтар көлік құралдарын қайта тіркесе, үш мыңнан астам ШҚО тұрғындары мерзімі өткен  жүргізушілік куәліктерін онлайн режиде қайта рәсімдегені белгілі болып отыр.

Осылайша үстіміздегі жылы ШҚО-да 7566 автокөлік тіркеуге қойылып, екі мың адам жүргізушілік куәлігіне ие болғанын айта кетуіміз керек. Бүгінде көлік құжаттарын онлайн режимде рәсімдеу ісі egov.kz пен kaspi.kz, homebank платформасында жүзеге асыруға болады. Жыл басынан бері kaspi.kz қосымшасында 13 мың автокөліктің құжаты рәсімделген.

Жыл басында ел азаматтарына қолайлы болуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында QR-код арқылы төлем жүргізу ісі жүзеге асқан-ды. Клиенттер QR-код арқылы мемлекеттік баж салығынан бастап, 146 мемқызметтің ақсын банк қосымшасымен заматта төлей алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x