Шымкент: COVID-19-ға шалдыққандардың 85 пайызы емделіп шықты

Dalanews 24 там. 2020 11:01 213

Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

– Бүгінге дейін инфекция жұқтырған  4379 науқас дертінен айықты. Олардың  басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан  732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда, – дейді Т.Варзилов.

24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 - симптомды, 2530 - симптомсыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x