Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жел электр станциясы салынуда

Dalanews 20 там. 2020 14:22 429

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек дәлізінде жел электр станциясы салынып жатыр деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қуаты 60 МВт-ны құрайтын станция келер жылы қолданысқа беріледі.

Барлығы 24 жел энергетикалық қондырғысынан тұратын станцияда қазіргі күні құрылыс-монтаж жұмысты қарқынды жүруде.


Жобаны «Самұрық-Энерго» құрамындағы «Жетісу энергиясы» ЖШС-ы жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден 300 адам жұмылдырылған, жоба іске қосылған кейін тұрақты 14 жұмыс орны құрылады.

Компания мамандарының мәліметі бойыншща ЖЭС жылына 225 750 мың кВтсағ. электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Қондырғылар ыстық-суыққа төзімді, 10 баллға дейін жер сілкінісіне төтеп бере алады.

 Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның балаламалы қуат көздерін пайдаланудағы әлеуеті зор. Жалпы «жасыл» энергетикаға  көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – жаһанның дамыған елдері бет бұрып жатқан бағыт.


«Самұрық-Энерго» мамандарының бағалауынша Алматы облысында электр энергиясының негізгі көздері – Алматы ЖЭО-лары, Қапшағай және Алматы СЭС-інің каскадтары, Есік СЭС-і, Мойнақ СЭС-і, Қаратал СЭС-і.

Өзінде өндіруші қуат көздері жетіспегендіктен, облыстың электр энергиясына деген қажеттілігі қолда бар энергия көздерімен 50-ға ғана қамтамасыз етіледі. Жел энергиясы ресурстарының әлеуеті жоғары өңірде жел электр станциясын пайдалануға беру қоршаған ортаны ластау мөлшерін төмендетіп, өңірдегі электр энергиясына деген тапшылықты ішінара шешуге мүмкіндік береді.

Айта кетелік Шелек дәлізі Алматыдан 150 шақырым жерде, Іле Алатауы мен Жетісудың таулы сілемдерінің арасында орналасқан. Жел әлеуеті өте жоғары, жылдамдығы - 50 метрлік биіктікте 7,8 м/с, жел ағынының тығыздығы 510 Вт шаршыметрді құрайды. Бұл сағатына 3200 кВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x