Ағайынды Ықыбаевтар Тарбағатай ауданына 14 тыныс алу аппаратын табыстады

Dalanews 21 шіл. 2020 07:17 336

Тарбағатайдың қос тарланы ағайынды Рүстем, Дастан Ықыбаевтар ел басына түскен ауыр кезеңдерде халқымен бірге болуда.


Ықыбаевтар жалпы құны 6 миллион теңгеге 14 оттегі концентратор аппараттарын сатып алып, Ақсуаттағы аудандық орталық ауруханаға жеткізіп берді. Бүгінде 4 аппарат  аудан әкімнің тапсырмасымен Ақжардағы ауруханаға жеткізілді.


"Ауылдан жырақта жүрсекте, осындай індет жайлаған уақытта көмектесу азаматтық парызымыз деп білеміз. Аудандық аурухананың бас дәрігеріне хабарласып, мұндағы ахуалды білгеннен кейін Ресейден аппарат алуға ағамыз екеуіміз шұғыл шешім қабылдап, уақыт күттірмей бірден Ақсуатқа жеткіздік. Жалғыз біз ғана емес, басқа мейірімді жандарда аянып қалмай, қолындағы барымен бөлісіп, індетті жеңуге үлестерін қосып жатыр" дейді кәсіпкер Дастан Ықыбаев.



Сын сағатта еліне демеу болып, қол ұшын созып, азаматтық танытқандары үшін аудан тұрғындары ерекше ықыластарын білдірді.


Қуаныш РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x