Қазығұрттық кәсіпкер екі отбасыға баспана сыйлады (фото)

Dalanews 25 желт. 2019 07:15 303

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер туған жерге тағзым деп жаңа жыл қарсаңында екі жанұяға баспана сыйлады.

Көптен аңсаған армандары орындалып, баспаналы болғандар - ішінде көпбалалы отбасы мен мемлекеттік қызметкер.



Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қуаныш иелерін аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы құттықтады. Қоныстой иелеріне шаңырақтың шаттығын тілеп, үй жиһаздарын сыйға тартты.



Жаңа тұрғын үй «Қазығұрт» шағын ауданынан бой көтерген. Төрт бөлмелі баспана су, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Өз алдына 15 соттық жері бар.

Айта кетерлігі, ауданның жомарт жандарының бірі Сырым Ертаев өз қаржысына салып, тұрғындардың үйлі-жайлы болып жатқанына себепкер болып отыр.



Сырым Ертаев көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуды белсенділік танытып жүрген бизнесменнің бірі. Осыдан шамалы уақыт бұрын кәсіпкер Қазығұрт ауданында тұрмысы төмен 10 отбасыға баспана сыйлаған болатын.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, кәсіпкер - Сырым Ертаев өз есебінен 2017-2018 жылдары тұрмысы төмен Алтынтөбе ауыл округінен 2 отбасыға, Қарабау ауыл округінен 3 жанұяға, Жаңабазар ауыл округінен 2, жалпы 7 отбасыға үй салып берді

Сонымен қатар, кәсіпкер Рамазан айында аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 500 отбасыға азық-түлік үлестіріп, 5 млн теңге көлемінде көмек көрсеткен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x