«Әлеуметтік жұмыс орны» жобасы әлеуметтік әлсіз топтың жағдайын жақсартуда

Dalanews 06 қар. 2019 08:26 342

Елордалық халықты жұмыспен қамту орталығы 2019 жылдың 5 желтоқсанына дейін 2020 жылға арналған үйдегі «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасын ұйымдастыру үшін қосымша өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыруда.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында үйдегі әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс берушілер олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылып келеді. Оған тек жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істеп тұрған, салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін жұмыс берушілер қатыса алады.⠀⠀

Бұл жобаға әдеттегідей жұмыссыздар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар қатыса алады.


Азаматтардың еңбекақысының бір бөлігін қаржыландыруды жұмыспен қамту орталығы субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады. Айта кетуіміз керек, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, сондай-ақ экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда жалақы мөлшерінің 35%-ын құрауы қажет.

Бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы керек. Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтында мына бөлімдердерде орналастырылған.

Өтінімдерді қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет. Анықтама телефоны: 57 89 12.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x