«Астанаэнергосервис» АҚ жабылады. Үнемделген ақша қайда жұмсалмақ?

Dalanews 03 қыр. 2019 14:45 233

 «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының 10 кәсіпорыны жабылады.

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Президент Жолдауын талқылау бойынша қала активінің кездесуінде мәлімдеді.

«Астана» ӘКК желісі бойынша кәсіпорындар санын 24-тен 14-ке дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұл арқылы жылына 2 млрд теңгеге дейін үнемдей аламыз.

Яғни, қайталама қызмет көрсетіп отырған бір ғана «Астанаэнергосервис» АҚ жабудан жылына 1 млрд теңге үнемделеді.

Үнемделген қаражатты қыстық техника алуға жұмсаймыз. Біздегі қыстың қатты екенін білесіздер. Автопарк болса ескірді. Сондықтан, квазимемлекеттік сектордан үнемделген ішкі резервтерімізді осындай пайдалы істерге жұмсаймыз. Қыста қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін техника аламыз», - деді Алтай Көлгінов.

Сонымен бірге, әкім қолданылмай жатқан жерді қайтарып алу жұмыстары жөнінде баяндады. «Үш жылда жалпы аумағы 1,6 мың гектар болатын 70 жер телімі қайтарып алынды. Қазір 904 гектар болатын 251 жер телімі тексеріліп жатыр.

Оның ішінде коммерциялық мақсатта 492 жер телімі (429 гектар), ауыл шаруашылығы мақсатында – 50 жер телімі (500 гектар) бар.

Сот шешімімен биыл игерілмегені үшін 882 гектар болатын 6 инвестициялық жер телімі алынды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады», - деді А. Көлгінов.

Дереккөз: Қазақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x