Павлодар облысында биыл 7 мыңнан астам балғын қазақ сыныбына барады

Dalanews 16 там. 2019 05:10 254

Павлодар облысында мектеп алаңдары шағын орталықтарды жабу есебінен босатылады және қосымша сыныптар ашу әрбір мектептің білім беру жағдайын ескере отырып жүргізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына берген жауабында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлім етті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 1 сынып оқушылары үшін қосымша 100-ден аса сынып жиынтығы ашылады. Павлодар қаласында № 12 (2 топ, 53 бала), № 31 (1 топ, 20 бала), № 42 (2 топ, 58 бала) мектептерінде үш шағын орталық жабылды.

№ 36 ЖОМ шағын орталығында топтар саны қысқартылды (4 топтың ішінде 2 топ, 50 бала қалды). Екібастұз қаласында № 9 (2 топ, 48 бала), № 23 ЖОМ (2 топ, 32 бала) жанынан екі шағын орталық жабылды»,- дейді Жомарт Қарамбаев хаттың жауабында.

«Осы бағыттағы жұмыс кезең-кезеңмен жалғасады. 2019-2020 оқу жылы 1 сыныпқа 14 мыңнан астам балғынды қабылдау күтілуде. Оның 8 мыңнан астамы - алты жастағы балалар. 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау тамыз айының соңына дейін жалғасады. 7000 баланы қазақ тілінде оқыту жоспарлануда. Биылғы жылы 1 тамыздағы жағдай бойынша Павлодар қаласында 1 сыныпқа қабылданған балалардың ең көп саны № № 22, 39, 9, 42, 29, 24, 34, 25 мектептерде тіркелген.

1 сынып оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды».

Еске сала кетейік, былтырғы жылы жаңа оқу жылында 12 мыңнан астам бала мектеп табылдырығын аттады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3 мың оқушыға артық.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x