Даниял Әсенов: "Ертіс өңірін екі ай бойы аралап Абайды дәріптеп шықтым"

Dalanews 16 шіл. 2019 09:15 302

Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысымен бірге «Абай ауылға келді» және «Мағжан ауылды аралайды» жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

- Біздің өңірде абайтанушы Даниял Әсенов Абай, Шәкәрім, Мағжан, Мәшһүр Жүсіп және Сұлтанмахмұт сияқты ірі тұлғалардың шығармашылықтары мен ауыз-әдебиет үлгілерін, «Қыз Жібек», «Қобыланды» дастандарын жатқа біледі, - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов.

- Ол тәуелсіздік алғаннан бері соңғы 30 жыл бойы  халық арасында, әсіресе жастар арасында ірі тарихи тұлғалардың туындыларын насихаттап келеді. Даниял ағаны көпшілік «Біздің Абай» деп таниды.

2018 жылдан бері Павлодар облысының қалалары мен аудандарында абайтанушы, қоғам қайраткері Даниал Әсеновтің қатысуымен «Абай ауылға келді» атты жоба жүзеге асырылды.



Жобаның мақсаты – Абай мен Мағжанның шығармашылығын насихаттау, жастарды өлең жаттауға ынталандыру. Абай мен Мағжанның образында өлеңдерін жатқа оқып беру.

Осыған байланысты Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында аталмыш жобаны жүзеге асыруды ұсынады.


Айта кетерлігі, танымал абайтанушы, сахна төрінде Абай рөлін талай ойнаған Даниял Әсенов шағын спектакль жазып, оны көрермендерге ұсынды және өңіріміздің қалалары мен аудандарын екі ай бойы аралап шыққан. Осы уақыт аралығында 50 елді мекеннің тұрғындарына Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x