Түркістанда бір мезетте 400 адамға қызмет ететін жастар орталығы ашылды

Dalanews 21 ақп. 2019 02:05 237

Түркістан қаласында жастар жылына орай, алғаш рет көпфункционалды заманауи, жаңа үлгідегі «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты ашылды. Айтулы ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне, облыс әкімі Ж.Түймебаев пен ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Ж.Омарбекова, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық маслихат хатшысы, депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Барлық аудан қала әкімдері, басқарма басшылары, республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының басшылары және өңірдің 200-ден астам белсенді жастары келді.

Өңір басшысы Ж.Түймебаев Жастар жылының басталуымен және Түркістан облысы жастарының жаңа ғимаратының ашылуымен құттықтады.

– Мен бүгін сіздермен әкім ретінде емес, замандастарыңыз ретінде еркін пікір алмасқым келеді. Өйткені ең талантты, ең дарынды, ең отаншыл, ең еңбекқор жастар Түркістан облысында тұрады деп есептеймін! Биыл жастарымыз үшін ерекше жыл болғалы тұр.  Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен елімізде жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар күшейтіледі. Облысымызда да жоспарлар жасалып, нақты жұмыстар басталып кетті. Осы кездесудің алдында мен жаңадан ашылған ғимаратты аралап, танысып шықтым. Мұнда жастардың жан-жақты дамуына, бойындағы өнері мен қабілеттерін арттыруына толық жағдай жасалған. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге Коворкинг орталығы, ІТ-park, заңгерлік кеңестер қарастырылған. Сонымен бірге еріктілер клубы, «Жас сарбаз», электронды кітапхана, тілдер мектебі, интернет желісі, мәжіліс залы, спорт алаңшалары және тағы басқа игіліктер бар. Бұл – Сіздер үшін жасалған үлкен қолдау. Енді осы жастар орталығында өрендеріміз өз-өздерін дамытып, білімдерін шыңдаулары қажет, – деді Ж.Қансейітұлы.

Көп функционалды жаңа үлгідегі Жастар орталығы – бір мезетте 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Орталықта «Жастарға қызмет көрсету» орталығы, «Мобильді топ», Turkistan HUB coworking zone, IT PARK, Робототехника мектептері, Коворкинг алаңы, электронды кітапхана, «Жас сарбаз», «Еріктілер мектебі», «Құрылыс жасақтары», «Тілдер мектебі», түрлі жастар ұйымдары,  медиа студия және  психологиялық терапия сынды көптеген жастар клубтары, мектептер мен үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, ғимарат ішінде «relax zone» демалыс аймағы, ғимараттың сыртқы бөлігінде футбол, валейбол, баскетбол, теннис ойнауға арналған спорттық алаңшалар орналасқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x