Кентауда Елбасы мақаласын түсіндіру мақсатында 378 іс-шара өткізілген

Dalanews 10 желт. 2018 05:58 212

Кентауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын түсіндіру мақсатында биылғы жылы ауқымды жұмыстар жүргізіп, көптеген нәтижелі шаралар өткізілген екен. 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында 2018 жылға арналған «Туған жер» және «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 10 айында 378  іс-шара өткізілді.

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы аясында «Оңтүстік Қазақстан облысы киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында 500 оқушыға облыс аумағындағы киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырылды.Қаланың ардагерлеріоблыс аумағындағы Бәйдібек, Созақ аудандарындағы киелі орындарды демеушілер тарапынан  аралап қайтты.

«Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде»   арнайы жобасы аясында 28-30 сәуір аралығында «Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп азығы» тақырыбында  өнер фестивалі  және «Мәдени қызмет - мерейлі міндет» тақырыбында гала-концерт ұйымдастырылды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасының жеңімпаздары Ғалымжан Әлеуханов пен Эдуарда Вельктің жастармен кездесуі ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығы ғимаратында арнайы бұрыш ашылды.


Сонымен қатар, «Таза аула», «Үлгілі үй», «Таза көше», «Таза ауыл» номинацияларының жеңімпаздары марапатталды.         М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдарының қатысуымен «Хантағы мұрасы ұрпаққа аманат» ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x