Жетісай жұрты атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отыр

Dalanews 15 желт. 2018 06:46 219

Жетісай ауданында биылғы жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 2 469,104,0 мың теңге қаралған.

Нақтырақ айтсақ, республикалық бюджеттен – 1 689,696,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 959,408,0 мың теңге бөлінген.

Ағымдағы жылдың 11 айында 4184 отбасыға 2 469,104,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 949,408,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Оның ішінде шартты – 3932 отбасыға немесе 24243 адамға, шартсыз – 252 отбасыға немесе 1119 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген.

Ш. Дәлдабеков ауыл округінің тұрғыны Қалқабай Шилмырзаев атаулы әлеуметтік көмектің игілігімен 456990 тенгеге 2 бас сауынды сиыр сатып алыпты.
«Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отырғанымыз рас. 6 айлық алатын соманы бірден алған бізге өте тиімді болды. Екі сауынды сиыр алып, балашағамыз ағарғанға қол жеткізді. Алдағы мақсатымыз қорамыздағы мал басын көбейтіп, ел қатарлы өмір сүру. Жалпы қара малдың пайдасы көп»,- дейді Қалқабай Шилмырзаев.

Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізгендердің басым бөлігі Жетісай қаласы, Қазыбек би, Жаңа ауыл, Ынтымақ, Жылы су, Атамекен, Асык ата, Қызылқұм, Мақталы, Абай, Ж. Ералиев, Ш. Ділдабеков, Қарақай ауыл округтерінің тұрғындары.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x