Ауыз су мен газдандыру ісі жүйелі жүріп келеді

Dalanews 13 қар. 2018 07:50 227

Бүгінгі таңда Сайрам ауданындағы 42 елдімекеннің 41-і, яғни, 97,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Манкент елдімекенінің екінші бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жоғарғы бюджет есебінен 2018 жылға 690,1 млн.теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. 2019 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 14,5 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады.

Сонымен қатар, Қарасу елдімекеннің ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 15.06.2018 жылы пайдалануға тапсырылған.

Құдық суын пайдаланып отырған  Құтарыс ауылы Қызылжар елдімекенін сумен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджет есебінен 3,3 млн. теңгеге жобалық сметалық құжат (ЖСҚ) дайындалды. Құрылысы 2019 жылға жоспарлануда.

Елдімекендерді газдандыру ісі бойынша да қарқынды жұмыстар жүруде. Қазіргі таңда ауданда 42 елдімекеннің 19-ы, яғни, 45,2 пайызы табиғи газбен қамтылған. Даму концепциясына сәйкес 2018-2021 жылдар аралығында 23 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етіп, 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Соның ішінде 2018 жылы 10 елдімекендегі 22562 тұрғынды газбен қамту жоспарланған. Биылғы жылы 12 елдімекенді газдандыруға 1,9 млрд.теңге жыл соңына дейін 10 елді мекеннің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.



Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x