Кентауда ұлттық ойындардан сайыс өтті

Dalanews 29 қар. 2018 08:21 251

Елбасыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық ойындар сайысы өтті.

Жастардың бойында рухани құндылықты жаңғырту, жастарды ұйымшылдыққа баулу және ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында өткен сайыс спорттың асық ату, ләңгі тебу және қол күрестен күш сынаспақ түрлерінен өтті. Сайыс өте қызықты өтті.

Нәтижесінде асық ату ойынында 1-орынды Кентау медицина колледжінің студенті Қожабеков Жеңісбек жеңіп алды. 2-орынға Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Азамат Мұсанов, 3-орынға Арнаулы кәсіптік колледжінің студенті Нұрберген Құрманәлі лайық деп танылды.

«Ләңгі тебу» ойынында 1-орынды Арнаулы кәсіптік колледжінің студенті Бекзат Әубәкір жеңіп алды. 2-орынға Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Дарын Базарбай, 3-орынға Кентау медицина колледжінің студенті Тайжан Ерболат лайық деп танылды. Қол күресте 1-орынды Кентау медицина колледжінің студенті Боранбаев Жасұлан жеңіп алды. 2 -орынға Арнаулы кәсіптік колледжінің студенті Жандаралиев Ерболат, 3-орынға Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Бекболат Алиев лайық деп танылды.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x