Шымкентте смарт жобалар іске аса бастайды

Dalanews 20 қар. 2015 20:23 253

Жақында Шымкентте «Транстелеком» АҚ президенті Дәурен Пшембаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жұмыс барысында кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады. Кеңеске  Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірәхимов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және «Транстелеком» АҚ уәкілдері қатысты.


Кездесу барысында қатысушылар «смарт» технологиялардың даму мүмкіндіктерін, сондай-ақ аймақта байланыс каналдарын жаңартуды талқылады. Бейбіт Атамқұлов өзінің алғы сөзінде Шымкентте смарт-технологияларды енгізу бойынша жұмыстар баяу жүргізіліп жатқанын алға тартты. Бұған қоса, ол аймаққа ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялық қызметтерді құру бойынша көпжылдық тәжірибесі бар ірі байланыс операторын тарту қажет екенін түсіндірді.


Ал «Транстелеком» АҚ президенті Дәурен Пшембаев жақында компанияға 16 жыл толғанын және бүгінгі күні компанияның үлкен қалаларды да, сонымен қоса ең шалғай аймақтарды да байланыстыратын телефон байланысының ірі тармақталған желісі бар екенін атап өтті. «Қазір «Транстелеком» компаниясы еліміз бойынша ғаламтор желісіне қолжетімділік арттыру және ірі инновациялық АТ-жобаларды іске асырып жатыр», – деді.


Кездесу қорытындысында тараптар Шымкент қаласында «Smartмектеп», «Smartемхана», «Smartкөше жарығы» сынды бірқатар пилоттық смарт-жобаларды іске қосу туралы келісімге келді. Сонымен қатар алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында смарт-бастамаларды мемлекеттік және жекеменшік әріптестік моделі бойынша іске асыру да қарастырылғанын айта кетуіміз керек.


«ҚмД» ақпарат




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x