Ақпарат министрі Тұңғыш президенттің немересіне қатысты пікір білдірді

Dalanews 14 ақп. 2020 05:40 242

Жазба белгілі бір адамдардың ықпалымен жазылған - министр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі Айсұлтан Рахаттың жазбаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр есірткіге тәуелділіктен емделіп жүрген адамның ашылып сөйлеген сөзінен дәйек келтіріп, оның айтқанын мысалға алу әдепсіздік деп санайды.

Бұл жағдайда оның ашылып сөйлеген сөзі емес, денсаулығының жағдайы алаңдаушылық туғызады. Мен оның жазбасы белгілі бір адамдардың манипуляциясымен жазылған деп нақты айта аламын. Өкінішті әрине, бірақ бүгіндері Айсұлтанның жанынан оның аты мен денсаулығының жағдайын пайдаланатын адамдар табылған, - деді министр "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасына берген сұқбатында.

Абаевтың айтуынша, Айсұлтан ұзақ уақыт бойы психоактивті заттардың әсерінде болған.


Оның айтқанын мысал ету, біреулерге рейтингі әкеледі, сондықтан оны жақсы түсінемін. Бірақ бұл - арзан рейтингтер. Өйткені ол адамның бақытсыздығынан құралған. Сондықтан бұл тақырыпты жабатын уақыт келді! Тәуелді адамның қиялын тек еліміздің Тұңғыш Президентінің немересі болғандықтан сан-саққа жүгірту - арсыздық, әділетсіздік және әдепсіздік, деп жалғастырды өз сөзін министр.

Елбасы - бұл еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан және әлі де үлес қосудағы тұлға. Біздің жерімізде бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімді сақтады. Ал қазір болып жатқандардың барлығы - ол кісінің беделін түсіруге тырысып жатқан өлермендік. Біздің елге қысым жасау, лас ойындар құру - бұл жазасыз қалмайтын нәрселер, - деп сөзін түйіндеді Абаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x