Заңсыз беріліп кеткен "Кең-баба" саябағы мемлекетке қайтарылады

Dalanews 22 янв. 2024 03:29 988

Заңсыз беріліп кеткен "Кең-баба" саябағы мемлекетке қайтарылады, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

Бұл жайлы facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында депутат Бақытжан Базарбек хабарлады.

Шымкент қаласы әкімінің 08.09.2009 жылғы № 1391 қаулысымен саябақ астындағы ауданы 2,641 га жер учаскесі 10 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға берілген. Кейін Шымкент қаласы әкімінің 02.02.2011 жылғы № 108 қаулысымен аталған жер учаскесі жеке меншікке берілген (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: #19-309-010-1042).

Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының көшпелі отырысының нәтижесі бойынша заңсыз иеліктен шығарылған "Кең-баба"саябағын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданған.

"Жақын арада Мұрат Баритұлы Теміржановтың атына Шымкент қаласы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулыларының күшін жою туралы сот ісін жүргізе отырып, тексеру іс-шараларын бастау туралы өтініш жолдайтын боламын", – деді депутат Базарбек.

Сурет: ашық дереккөз

Рекомендовать
Последние новости