Zaman газетін қудалау кімге тиімді?

Dalanews 07 мар. 2016 10:56 917



АҚШ және Еуроодақ өкілдері түрік полицейлері еліндегі ең ірі Zaman газетінің Стамбулдағы редакциясына рейд жасағаннан кейін, Түркиядағы сөз бостандығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл жөнінде France-Presse агенттігі хабарлайды.





Полиция қызметкерлері басылым кеңсесіне басып кірген. Газетті қорғап, қарсылық танытқандарға көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан. Оқиғадан бір сағат бұрын сот газетке сырттан бақылаушы тағайындауға шешім шығарған. Алайда әлі ресми шешім күшіне енбей жатып, полиция қызметкерлері редакцияны қоршап, қарсылық танытушыларды жібермеуге әрекеттенген.

Zaman газетін АҚШ-та қуғында жүрген Фетхуллах Гюлмен тығыз байланыстырады. Түркия президенті Реджеп Эрдоган оны үкіметке қарсы әрекет жасап, өзін жақтайтын БАҚ, полиция, құқық қорғау органдарының желісін құрған деп айыптайды.

Редакцияда түнгі шабуыл аяқталғанға дейін, Zaman басылымының ағылшын тілінде шығатын нұсқасы "Түркияның еркін баспасөзі үшін ұятты күн" деген тақырыппен газет шығарды.



Рекомендовать
Последние новости