Индустриаландыру бағадарламасы еліміздің интеллектуалдық әлеуеті мен материалдық ресурстарын ортақ іске бағыттады

Dalanews 05 окт. 2022 07:46 1144

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы елiмiздiң жалпы iшкi өнiм арттырудың көздейтін маңызды бағдаралама. Жоба қолға алынған 2010-2015 жылдар аралығында бұл бағыттағы жұмыстарға 7 трлн теңге жұмсалып, елімізде көптеген кәсіпорындар құрылыды. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы елiмiздi дамыған елдердің қатарына қосатын маңызды жоба екені белгілі. Бағдарлама аясында ел экономикасының шикізаттық емес секторын кем дегенде 45 пайызға арттыру, өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнiмдiлiгiн екі есеге ұлғайту, сондай-ақ жалпы iшкi өнiмнiң энергия сыйымдылығын 45 пайызға дейін төмендету көзделген.

 

Индустриалды дамудың маңызы  

Осы маңызды жобаның арқасында халқымыздың өмiр сүру ұзақтығын арттыру, табысы төмен әлеуметтік топтардың санын азайту және жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейiн төмендету жоспарланған. Осыдан-ақ Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының елiмiз үшiн экономикалық және әлеуметтiк маңызы қаншалықты екенін байқауға болады.

Аталымыш бағадарлама Үкіметтің ел экономикасын дамытуда бағдарға алған басты стратегиялық даму жоспары десек болады. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2010-2014 жылдарға арналған алғашқы кезеңін еліміздегі сарапшы экономистер «жедел даму» кезеңі деп атайды. О баста бағдараламаның іске асуына өзге де жобаларын септескенін белгілі.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының тағы бір басты өзгешелегі еліміз үшін экономиканың маңызды салаларының ешбірінің кенжелеп қалмай, төрт аяғын тең басқан жорғадай синхронды дамуын көздейді. Осы тұрғыдан алғанда бағдарламаға артылған жүктің салмағы зілмауыр екенін байқаймыз.


Мемлекет пен бизнестің күшін тек экономикалық өрлеуге бағыттау, аса қолайлы инвестициялық және макроэкономикалық орта қалыптастыру, ұлттық экономиканың өнімділігі мен тиімділігін арттыру сынды қадау-қадау мәселелер бұл бағдарламада толықтай қамтылған.

 

7 басым басы бағыт  

Бағдарламада мынадай екі мәселеге басымдық берілген. Біріншісі дәстүрлі экспорттық сектордың өнімдерінің алуан түрлілігін қамтамасыз ету болса, екіншісі инновациялық өнеркәсіпті дамытуға көңіл бөлу.

Бұдан басқа Үкімет  жедел Индустриалды даму кезiңде негiзге алынатын жеті басым бағытын айқындаған-ды. Олар – агроөнеркәсіп кешені, құрылыс саласы, мұнай өңдеу, металлургия, химия өнеркәсібі және фармацевтика, энергетика, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.

Бағдарламада барлық шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету мақсатында олардың құрамына мемлекеттік мекеме басшыларымен қатар, түрлі бизнес қауымдастықтар мен даму институттарының өкілдері тартылғанын айта кетуіміз керек. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жұмыс топтары жүйелі түрде бас қосып, аталған басым бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларды пысықтап отыруы шарт.

 

Металлургия саласы қалай көркейді?

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қолға алынып, бұл бағытта жұмыстардың іске аса бастағынанына 10 жылдан асты. Осы аралықта қандай жетістікке жеттік деген заңды сауал туындайды.

Енді осыған аз-кем жауап берсек. Әңгіме арасында аталымыш бағдараламаны жүзеге асыруда атқарушы билік жеті басым бағытта анықтап алғанын айттық. Соның бірі – металлургия саласы.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғанға дейін Қазақстан қара метал бойынша  бар болғаны үшiншi сатысындағы өнімін шығарып келген еді. Ал Индустриаландыру бағдарламасының арқасында металлургия саласы бойынша өндірілетін өнімдердің саны артқанын байқауға болады.


Айталық, біз сөз етіп отырған бағдарламаның арқасында алюминий, мыс, титан, сирек металдар, ферроқорытпа, мырыш секілді өнімдерді өндіріп, мол пайдаға кенелдік.

Бұл дегеніңіз, жай болат құйма ғана деген сөз. Индустриаландырудың арқасында отандық металургтер тот баспайтын металл, жоғары сапалы болат секілді өнімдер алу мүмкіндігіне ие болды.

 

Сингапур мен Тайваньның жолын берсін!

Дәл қазір кез келген ел үшін тиiмдi экономика құрудың жалғыз-ақ жолы – жаһанның жылдам өзгеретін шарттарына тез бейiмделетiн инновациялық экономика құрудың маңызы артып келеді. Бұл туралы «акылды экономика» құруда кеш iлгерi кеткен елдер мен осы жолға ендi түскен елдердiң колданып жатқан тиісті іс-шараларын еске алсақ жетiп жатыр.

Мұндай инновациялық дамудың маңыздылығын соңғы жылдары орын алған қаржы-экономикалық дағдарыстар да  дәлелдеп берді.

Тіптен, «виртуалды құндылықтар» жасауға әуестеніп кеткен елдердің экономикасы белгiлi бiр дәрежеде осалдығын көрсетті.

Сондықтан дамыған елдер өздерінің экономикалық саясатын тек жоғары интеллектуалды секторларының ғана жан-жақты дамуына ғана емес, соған сай келетін өндірісті қолдауға бұрғаны абзал. Инновациялық даму біздің бәсекеге қабiлеттi елдердің қатарына қосылуға қосымша мүмкіндіктер береді.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы дер кезiнде қабылданған құжат. Ол айналасына қоғамды, интеллектуалдық және материалдық ресурстарды біріктіруге мүмкіндік беретін, іс жүзінде жаңа экономикалык идея болды.


Бұл – біздің қоғамдық өміріміздің барлық салаларын, денсаулық сақтаудан бастап, салық салуға дейінгі аралықты қамтитын күрделі жүйеге айналды. Егер біз Қазақстанды экономикалык көшбасшылардың арасына қосамыз десек, бiздiң одан басқа таңдар жолымыз жоқ.

Кез келген бағдарлама шынайы өмірде қағазда көрсетілгенде жүзеге асып кетпейді. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асыру кезінде бірнеше экономикалық дағдарыстармен бетпе-бет келдік. Мұны бәрі бағдарламаны жүзеге асыруға кесірір тигізетіні анық.

Сондықтан Индустриаландыру картасын сынап-мінуден ештеңе шықпайды.

Ал қиындыққа қарсы тұрып, табысқа барар нақты жолды тауып, оны негіздеп беру бұл нағыз кәсіпқой мамандар мен отансүйгіш азаматтардың ісі болмақ.

Есіңізде болса, о баста американдық корпорациялар Сингапур, Тайвань, Оңтүстік Кореяның электроника нарығына кіру әрекеттерiн келемеж еткен еді. Ал казір Тайваньның компьютерлері, кәрістердің микротолқынды пештер мен теледидарлар үлкен сұранысқа ие.


Абай атамыз айтқандай кез келген іске бекінгенде талаптану керек. Сондықтан «ондай болмақ қайда?» деп салымыз суға кетіп отыратын заман емес. Бағытымызды айқындап, алға қарай қадам баса беруіміз керек!

Нұрлан ЖҰМАХАН

Рекомендовать
Последние новости