«Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивальі Алматының маңызды брендіне айналды

Dalanews 05 сент. 2023 08:27 1827

Өткен демалыс күндері салт-дәстүр мен қазақы мәдениеттің жанкүйерлер үшін нағыз мереке болды. Ұзақ үзілістен кейін қала күніне орайластырылған «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивальі өтті. «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағының аумағында ине шаншар орын болған жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтары этнофестивальге бір кісідей қатысып, зор қызығушылық танытты.  

– Биыл этнофестивальге 12 мемлекеттің өкілдері қатысты. Осы ретте маңызды мәдени шараға Малайзия елінің қатысуы біз үшін тосынсый болды. Олар Алматы баурайында өтетін шараға қатты қызығушылық танытып,  алдағы уақытта да қатысатындарына айтты.

Биыл халыққа қолайлы болуы үшін киіз үйлерді үш есе көп тігіп, мейрамханалардың санын екі есеге арттырдық. Бұдан басқа шараға қатысушылардың қарасы да көп болды.



Киіз үйлерде көрмелер, кітап саудасы ұйымдастырылады. Осы ретте шараға белсене қатысқан әрбір өнерпазға алғыс айтамын. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында біздер «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивальі дәстүрлді түрде өтіп тұратын маңызды шаралардың біріне айналдырдық. Керек десеңіз, «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» бұл Алматы қаласының маңызды брендіне айналды десек артық айтқандық болмас. Шарамызға туристер көп келді, – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.


Сенбі-жексенбі күні өткен мәдени шараға 10 мыңнан астам қала тұрғындары қатысып, көшпенділердің салт-дәстүрлерімен танысып, қазақ асханасының ұлттық тағамдарынан дәм татқан.



Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қазақ-орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашовтың айтуынша, бұл шара шын мәнінде еліміз үшін елеулі оқиға болғанын алға тартты.

– Бұл өте маңызды оқиға. Себебі ол қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихатталды. Сонымен қатар көшпенділер мен кең даланы мекендеген халықтардың салт-дәстүрін және қазақ халқының бүкіл кеңдігін көрсетілді. Шараға қатысушылар ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі жарыстарды тамашалады. Өз басым жас ұрпақтың бағызы замандарда қазақ халқының қалай тұрмыс кешкенін біліп өсуі өте маңызды деп есептеймін. Мұндай шаралар біз қай жерге тамыр жайғанымызды, Жаңа Қазақстанымызға қандай жолмен жететінімізді көрсетеді. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ұлы дала – көшпенділер әлемі»  шарасын барынша қолдайды, – деді Всеволод Лукашов.



Сахнада Қазақстанның ғана емес, бұрынғы ТМД елдерінің де өнерпаздары өздерінің өнерлерін көрсетті.

– Шарада біздер Әзірбайжанның Алпауыт деп талатын жекпе-жек өнерін таныстырдық. Бұл түркі халықтарының жекпе-жек өнері десек болады. Соңғы 10 жылдан бері бері осы жекпе-жек өнерін халықаралық деңгейде насихаттап келеміз. Алпауыт жекпе-жек сайысына қатысушылар ою-өрнекпен өрнектелген ұлттық киім киіп шығады. Ал иығында жебе қорамсасы болды. Этнофестивальдің екінші күні спортшыларға жекпе-жек семинарын өткіздік. Осы этнофестивальге шақырту алғанымызға өте қуаныштымыз, – деп Дүниежүзі бойынша Алпауыт федерацияның директоры Васиф Намазов ойын ортаға салды.



Жиналған қауым көшпенділердің жекпе-жек ойындарын, ат баптау, айтыс өнері армансыз тамашалады. Шара барысында Қазақстанның ұлттық шопан иттер клубы қазақы төбеттердің көрмесін ұйымдастырып, төбеттердің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қаншалықты орынға ие екенін паш етті.


Осылайша жиналған қауым халықаралық этнофестивальдің бағдарламасы бай, мазмұнды екендеріне көздері жете түсті.



– Мен Атырау қаласынан келдім. Шараға қазақтың жеті қазынасының бірі қазақы төбетті көпшілікке таныстырдық. Шараға қатысқан төбеттердің бәрі жайылымда мал қарап жүрген иттер. Арасында қасқырмен бетпе-бет келіп, малды қорғап қалған сырттандар бар, – деді «Бакутан» қоғамдық қорының өкілі Данияр Жанғалиев.

Осылаша алматылықтар мен қала қонақтары Ұлы Дала көшпелілерінің ежелгі мәдениеті мен дәстүріне жақын танысып, шат-шадыман болып тарқады.

 

Рекомендовать
Последние новости