ҰБТ форматына өзгерістер енгізіледі

Сағыныш Сардарова 22 сент. 2025 15:28

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ форматы өзгеріске ұшырайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Educational Testing Service (ETS) компаниясы – әлемдегі тестология саласындағы ең көне ұйым. Келіссөздер нәтижесінде ETS-тің жетекші мамандары қатысатын арнайы жұмыс тобы құрылады. Халықаралық деңгейдегі сарапшылардың тәжірибесі негізінде Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесі терең жаңғыртылып, ол заманауи әдістеме мен бағалаудың сапасы жоғары халықаралық стандартқа сай жетілдірілмек", – деді министр.

Бұған дейінгі жағдай

Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов Қазақстанда жасанды интеллекттің дамуын ескере отырып, Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу процесін қайта қарау қажет екенін айтты.

Мәжілісте жасанды интеллект мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында депутат өзгерістер қажет екенін жеткізді.

"ҰБТ қалай өзгеріп жатыр? Бұрынғыдай нәтижеге қарап бағалау мүмкін емес. ChatGPT бар. ҰБТ қалай трансформацияланады? Өкінішке қарай, бұл мәселе әлі ашық күйінде қалып отыр", – деді мәжілісмен бұған дейін.


Рекомендовать
Последние новости