«Түркиядан желкелеп жеткізді». Ендігі кезек Самат Әбіш пен Бекболат Тілеухандікі

Dalanews 27 сент. 2023 03:05 1018

Таяуда Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі 2014 жылдан бері Түркияда бой тасалап жүрген алаяқты қолына кісен салып, елге жеткізгенін мәлім етті. Құқық қорғау органдары қылмыскердің кім екені жайында әзірше тіс жарған жоқ.

Dalanews.kz агенттігіне жеткен ақпаратқа сәйкес Түркияда бой тасалаған күдікті 2014 жылы құрылыс компаниясына тисілі 1 млрд теңгені заңсыз жолмен имденіп, шетелге қашқан.

Күдікті үптеп кеткен құрылыс компаниясы емхана салуға да міндеттелген. Соған қарағанда қолға түскен Қазақстан азаматы мемлекеттің қаржысын талан-таражға салуы мүмкін деп жорамалдауға болады.

Қазіргі таңда ол Астана қаласындағы тергеу изоляторында сот алдында жауап беретін сәтін күтуде.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай "мұндай құқық бұзушылыққа барған адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленеді" деп күдіктіні қандай жаза күтіп тұрғанын алға тартты.


Соңғы уақыттары  заң бұзып, мемлекет қаржысын жымқырып, Түркияға қашқан қылмыскерлерді Жаңа Қазақстан желкелеп елге жеткізуде.

Айталық, жыл басында Қырғызстан арқылы Түркияға қашқан Серік Күдебаев көп ұзамай тұтқындалып, елге жеткізілгені есімізде.

Енді міне, 1 млрд теңгіні қалтасына басқан жемқордың қолына кісен салынды.

Алдағы уақытта Түркияны паналаған Самат Әбіш, Бауыржан Байбек, Бекболат Тілеухандарға да кезек келуі мүмкін.

Айтпақшы, желіде Қазақстан азаматтарын қажылыққа апаратын Kausar Travel туристік компнаияның жетекшісі, қажылыққа бару үшін 300-ге жуық адамның 500 млн теңгеден астам қаржысын Бекболат Тілеухан алып, кері қайтармағаны жайындағы тарыла бастады.

Алдағы уақытта туристік компанияның  жетекшісі айтқандай халықтың қаржысын қалтасына басқан Бекболат Тілеуханды құқық қорғау органдары Түркиядан ұстап, елге жеткізсе таңқалуға болмайды.

Бас прокуратура мен Ішікі істер министілігінің Түркиядан 1 млрд теңгені қолды қылған жемқорды елге жеткізгенін жариялап, ал оның кім екені жайында тіс жармауынан түрік жерін паналаған Ескі Қазақстанның өкілдеріне бағытталған месседж де болуы мүмкін.


Енді елден қашқан жемқор-жебірлер мен саяси қашқындарға Түркия пана болмайды. Алдағы уақытта Әбіш, Байбек, Тілеухан бастаған Ескі Қазақстанның қашқындары Дубайды бетке алуы мүмкін.

Ал Жаңа Қазақстан саяси қашқындардың барар жер, басар тау қалдырмауға шындап бекінген секілді.

Рекомендовать
Последние новости