Түркияда оңтүстікқазақстандық өнерпаздар өнер көрсетуде

Dalanews 14 июн. 2017 10:45 843

Елшілік, Кечиөрен муниципалитеті мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған Түркия еліндегі «Қазақстан күндері» аясында Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары өнер көрсетті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мемлекетаралық маңызды шараға Оңтүстік Қазақстан облысынан 42 делегат келді.

«Қазақстан күндерінің» шеңберінде Анкара қаласында «Жамбыл» атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және Халықаралық 8-ші Рамазан фестивалінің аясында «Қазақстан кеші» атты концерт өтті.

Түркиядағы Қазақстан кешінде  дәстүрлі әндер мен қазақ-түрік әндерінен попуррилер орындалса, «Қазына» би ансамблі еліміз мəдениетін би өнерімен паш етті. «Тұмар» фольклорлық ансамблінің сазды өнері де қос елдің мереке думанын асқақтатты. Арнайы аттанған өнер делегаттары Түркия мемлекетінің Анкара, Адана, Мерсин, Ыстанбұл қалаларында концерттік бағдарлама ұсынады деп күтілуде.

Қазақстан күндеріне Анкара қаласы Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев, Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев, академиктер Төлеген Қожамқұлов, Уалихан Қалижан және т.б. делегаттар қатысты.

 

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости