Түркістандық ескекшілер ел чемпионатында 57 медаль еншіледі

Жарбол Кентұлы 28 июл. 2024 15:26 1060

Алматыда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрлі бағдарламалар бойынша 21 алтын, 15 күміс және 21 қола медаль жеңіп алған Түркістан облысының командасы бірінші орынға ие болды.

15 алтын, 17 күміс және 9 қола жүлдемен Шымкент қомандасы екінші орынға ие болса, Қарағанды ​​облысының командасы жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік,  жарысқа еліміздің 12 облысынан ескек есу шеберлері қатысты.


Рекомендовать
Последние новости