Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты

Dalanews 01 июн. 2017 06:35 853

Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Соттың үкіміне сәйкес, Тұңғышбай Жаманқұлов 189-бап ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпты деп танылды. Ол 7 жыл шартты түрде сотталды. Сонымен қатар, ол 5 жылға басқарушы қызметтерді атқара алмайды. Рақымшылыққа байланысты, Жаманқұловтың жаза мерзімі екі есе қысқартылды.

Режиссер Талғат Жәнібеков те айыпты деп танылып, ол шартты түрде 7 жылға сотталды, ол да бес жылға басқарушы қызметтерді атқара алмайды. Судья оның бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға ауыстырды.

"Қазақфильм" АҚ бұрынғы топ-менеджері Гауһар Ысқақова "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" бабы бойынша айыпты деп танылды. ол 1 жылға шартты түрде сотталды. Ол сот залында қамаудан босатылды.

"Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина жеті жылға шартты түрде сотталды. Рақымшылыққа байланысты оның жазасы 3,5 жылға қысқартылды. Ол жа бес жыл бойы бақсарушы қызметтерді атқара алмайды.

Картина редакторы Гизат Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша айыпты деп талынып, бес жылға шартты түрде сотталды.

Жеке кәсіпкер Илья Коробейников бес жылға шартты жаза алды. Рақымшылыққа байланыстың оның жаза мерзімі – 3 жыл 9 ай.

"Феникс" фильмінің дайындық мерзіміндегі түсірілім тобының директоры Марлен Әбішев бес жылға шартты жаза алды. Рақымшылық бойынша, оның жаза мерзімі 3 жыл 9 ай.

Картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев мүлкі тәркілене отырып, бір жылға шартты сотталды.

Жеке кәсіпкер Данияр Әбдіқадыров жеті жылға шартты жазаға кесілді. Сот үкімі әзірше күшіне енген жоқ және шағым түсірілуі мүмкін.

Тұңғышбай Жаманқұловтың адвокаты Ғалия Наратауаова үкіммен келіспейтінін және қорғауындағы азамат айыппен келіспегендіктен үкімге шағым түсіретінін айтты.

Талғад Жәнібековтің адвокаты Серік Айтбаев үкімге қанағаттанатынын және шағым түсірмейтінін мәлімдеді.

Рекомендовать
Последние новости