«Транстелеком» – ЭКСПО серіктесі

Dalanews 11 февр. 2016 23:50 1145

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы АҚ және «Транстелеком» АҚ серіктестік меморандуына қол қойды. Ендігі «Транстелеком» компаниясы – «Көрме серіктесі» мәртебесіне ие. «Транстелеком» – еліміздің ірі ІТ және байланыс операторларының бірі. Ол – телекоммуникация, ақпараттық коммуникация саласында кең ауқымды қызмет көрсете алатын бірегей компания. Сондай-ақ ІТ интегратор болып табылады.  


«Қазақстандық компанияның инновациялық жобаларды сәтті жүзеге асырып жатқандығын көру – көңіл қуантады. Транстелекомның ауқымды филиалдық жүйесі бар, бұл бүкіл Қазақстан көлемінде ЭКСПО көрмесін кең тарауына ықпал етеді. Сондықтан біздің жобамызға Транстелеком сынды алдыңғы қатарлы компаниялардың қатысуы – еліміздің болашаққа деген сенімін нығайтып, Елбасы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді», – деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.


«Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми «ІТ серіктесі» болу – «Транстелеком» үшін үлкен мәртебе. Әлбетте, ЭКСПО-2017 – Қазақстан үшін маңызды шаралардың бірі. Бүгінгі таңда «Транстелеком» АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуде. Біз іс-шараның мәні мен маңызын түсіне отырып, оған үлкен жауапкершілікпен қараймыз», – деді компания президенті Дәурен Пішембаев.


 Алдағы уақытта «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «Транстелеком» АҚ халықаралық көрмені өткізу бағытында бірлескен іс-шаралар өткізетін болады.


Сондай-ақ, «Транстелеком» АҚ «ЭКСПО-2017» көрмесі барысында «Ұйымдастырушылар кеңсесін» телефония мен интернетпен қамтамасыз етіп, шетелдік қатысушылар үшін VPN қолжетімділігін техникалық тұрғыдан жағдай жасап, көрме қонақтарына бүкіл көрме өтетін кезең барысында интернет желісін ұсынатын болды.


"ҚмД" ақпарат

Рекомендовать
Последние новости