Төреғали журналистпен болған жанжал үшін халықтан кешірім сұрады

Dalanews 27 сент. 2016 16:03 848

Әнші бірер ай бұрын тілшімен жанжалдасып қалған болатын. Ол дәл сол сәтте артық ешнәрсе айтпағанын жеткізуде. Мұнымен қатар, арада осындай түсініспеушіліктер болып тұратынын айтып халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Бірнеше ай бұрын Төреғали Төреәлі Шымкенттегі кілем фабрикасына барып, сұхбат барысында тілшімен сөзге келіп қалған-ды. Ол сол кезде ашуға бой алдырып, жергілікті БАҚ өкілдеріне қатысты жағымсыз пікір білдірген болатын. Енді міне әнші дәл осындай кикілжіңдері үшін халықтан кешірім сұрады.

“Мысалы, мен сізге қазір сұхбат беріп тұрмын. Иттің міндеті үру демекші, менің де міндетім жай ғана сұхбат беру. Ол жерде журналистер сұхбат алайықшы деп келіп тұрып, баса көктеп басынғандай болды. Оның үстіне қыз балаға төстен алып, бетке шабу сынды қылықтар жараспайды. Мен соған ашуландым. Артық ештеңе айтқан жоқпын деп ойлаймын. Жалпы сұхбат елдің алдына шығатын болған соң, оның барынша жайдарлы, жақсы көңіл-күйге толы болғаны жөн. Халықтан кешірім сұраймын. Кейде осындай түсініспеушіліктер болып тұрады”, – дейді Төреғали Төреәлі.

Аталған арнаның тілшілерімен сыпайы түрде сұхбаттаса бастаған әнші тілшімен емес, таспагермен сөзге келіп қала жаздайды. Алайда дер кезінде райынан қайтып, кешірім сұрап үлгереді.

Стан кз

Рекомендовать
Последние новости