Текеліде кәсіпкер коронавируспен күреске 10 мың маска табыстады

Dalanews 16 июл. 2020 04:56 747

Текелілік кәсіпкер Насыр Құрманбек коронавирус індетімен күреске қосқан үлесі ретінде қала әкімі Бахтияр Өнербаевқа 10 мың дана медициналық бетперде табыстады.

– Өз кезегінде қала әкімі «Қазіргі індетпен күресуде алдыңғы шепте жүрген мамандық иелерінің бірі – дәрігерлер. Олардың жасап жатқан еңбектері өлшеусіз. Сіз бен біздің денсаулығымыз үшін күн-түн демей күресуде, – деп бетперделердің алғашқы 2000 данасын Текелі қалалық ауруханасына берді.

Ендігі кезекте бұл бетперделер мұқтаж жандарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тегін үлестірілетін болады.


Осындай қиын сәтте қол ұшын созып, халыққа қолынан келген көмегін көрсеткен азаматымызға алғысымызды білдіреміз.

Карантин шараларын ұстанып, санитарлық талаптарды сақтайық, ағайын!

Рекомендовать
Последние новости