Тәуелсіздік ұмыт болған мәдениетімізбен қайта қауыштырды

Dalanews 29 сент. 2021 05:15 1008

Қазіргі таңда Жетісу жерінде жетіпстен астам ұлттың мәдени орталықтары жұмыс істеуде. Олардың жұмысына Алматы облыстық әкімдігі тікелей қамқорлық көрсетуде. Осынаң арқасында облысымыздағы Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының жұмысы уақыт өткен сайын алға басып келе жатқанын мақтанышпен айта аламын. Жетісу жеріндегі мәдени орталықтарға әдістемелік көмек көрсету мен жұмыстарын үйлестіру арқылы еліміздегі ұлттық саясаттың мүлткісіз жүзеге асырылуы қамтамасыз етілуде.

Осы ұлттық мәндени орталықтардың ішінде өзім басқаратын «Полония» поляк мәдени ағарту қоғамында бір кездері тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған 300-ден астам поляк отбасы топтасқан. Орталық 1997 жылы құрылып, жыл өткен сайын Жетісу өңіріндегі поляктардың салт-дәстүрін қайта жаңғырту, тілін білу, тағы басқа құндылықтарды үйрету, насихаттау мақсатында жүмыс жүргізіп келеді.

Қазақстанда ұлттар достығына деген аялы алақанды, қайырымды қамқорлықты көрудеміз. Өзім әрдайым Ассамблеяның сессияларына қатысып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың біздерге деген шын ниетін, ізгілігін көріп, естіп бір жасап қаламын. Бүгінде Елбасы салған сара жолды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та одан ары қарай өрістетіп, еліміздегі мәдени орталықтардың жұмысын жандандыруға қолдау көрсетіп келеді.

Поляк ұлтының өкілдері де қазақтың жақсылығын жадына сақтап, қиын кезеңде берген дәміне адалдық танытып, ұлттық құндылықтарды үйреніп, оны жастарға үйретуді де назарда ұстап келеді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ана тілімізді дамытуға, ұмытыла басаған мәдениетіміз қайта түлетуге, тарихи отандастырамызбен байланысымызды нығайту мүмкіндігі туды. Бұл бағыттағы жұмыстарға мемлекетіміз барынша қолдау көрсетіп отыр.

Осылайша қазақ жерін мекендеген ұлт пен ұлыстар жергілікті халықтың қолдауының арқасында осындай жақсылыққа кеніліп отыр. Қазақ халқына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Наталья МАЛИЦКАЯ, «Полония» поляк мәдени орталығының төрайымы.

Рекомендовать
Последние новости