ШҚО-да індетке қарсы 331 мобильді топ жасақталып, қызу жұмыс істеуде

Dalanews 16 июл. 2020 04:23 736

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті емхана қызметкерлерінен 331 мобильді топ жасақталған. Олар карантин уақытында тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде.

Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Семей қаласында 71, Өскеменде 41 және 17 аудан мен қалаларда 219 топ жұмыс жасап тұр. Олар тек азаматтарға шақырту бойынша үйлеріне барып, медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, дәрі-дәрмек те жеткізіп бере алады, – деді Ілияс Мұхамеджанов. Сонымен қатар, аталмыш жобаны қолдау мақсатында аудан мен қала әкімдіктері өздерінің қызметтік көліктерін мобильді топтарға табыстаған.

Рекомендовать
Последние новости