ШҚО-да экобелсенділері «Экологиялық кодекске» нақты өзгерістер енгізуді сұрады

Dalanews 21 апр. 2023 15:26 883

Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет өткен өңіраралық экологиялық бастамалардың форумына қоғам белсенділері, бизнес өкілдері мен экологияға қатысты шенеуніктер қатысуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Форум спикерлердің қызу пікірталас алаңына айналды, оның нәтижелері бойынша елдің жаңа экологиялық кодексіне өзгерістер енгізу үшін нақты ұсынымдар мен құжаттар әзірленетін болады.

– Форумды ұйымдастыру бастамасымен түрлі өңірлерден, Қазақстанның экологиясын қолдайтын түрлі санаттағы мамандар өз ойларын жеткізді. Біріншіден, біз сарапшылар даму стратегияларын қалыптастыратын және әзірлейтін нақты жобалардың тиімді портфелін құру мақсатын көздеп отырмыз. Екіншіден, мұнда біз форумның ашық форматына кез келген адам келіп, өз сұрағын қоя алатын "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырамыз. Бұл халықты экологиялық ағарту жолындағы жаңа қадам, – деп есептейді ШҚО бойынша ECOJER филиалының директоры Елена Березинская-Әбілова.

Осылайша, Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген іс-шараға қатысушылар жастардың экологиялық проблемаларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын жеткізді.

– Павлодар облысы үшін индустриалды дамыған Шығыс Қазақстан сияқты проблемалар өзекті – бұл атмосфералық ауаның сапасы да, өңірдің экологиясы да. Менің ойымша, мұнда біз табиғатты қорғау іс-шараларын ұйымдастыру, экологиялық мәселелерді шешу бойынша пайдалы тәжірибе ала аламыз және осы бағытта одан әрі іс-қимыл жоспарын әзірлейміз, – дейді Павлодар облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева.


Сонымен қатар, форум спикерлері халықтың экологиялық мәдениетін нығайту, экологиялық ашықтық және жасыл энергетикаға көшу қажеттілігі туралы ойларымен бөлісті.

– Барлық шешімдер осы зерттеулерге негізделуі үшін бізге газға көшу, сенімді деректер мен ғылыми зерттеулер қажет, – деп түйіндеді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ постдокторанты, физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының "БиоСфера экологиясы" зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Насиба Байматова.

Рекомендовать
Последние новости