ШЫҰ саммитінде не талқыланады және оның Қазақстанға маңызы қанша?

Көркем Алдабергенова 03 июл. 2024 10:13 3603

Сарапшы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде не талқыланатынын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бараева" телеграм арнасының мәліметінше, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бүгінгі саммиті құрлықтағы ең маңызды саяси оқиға, онда талқыланатын негізгі тақырыптың бірі - жаһандық қауіпсіздік болмақ. Саммит жұмысын айқындайтын негізгі үш тренд бар:

  • Жаһандық ықпалдың өзгеруі: Қытайдың дамуы мен Батыстың Еуразияға ықпалының әлсіреуімен ШЫҰ аймақтағы елдердің ынтымақтастықты дамытудағы күш-жігерін үйлестіру алаңына айналған. Ал Қазақстан бұл үйлестіруде басты рөлдердің бірін атқарады.
  • Қазақстан үшін пайдасы: Қазақстан аймақтық тұрақтылық және ұлттық мүдделерді ілгерілету үшін ШЫҰ-ны пайдалана отырып, жаһандық серіктестермен кең және тең құқылы диалогқа ұмтылады.
  • ШЫҰ кеңеюі: Үндістанның, Пәкістанның қосылуы және Беларусьтің жоспарланған қосылуы қақтығыстар қаупін азайтуға және ұйымды қуатты аймақтық блок ретінде нығайтуға көмектеседі.

Айта кетейік, Астанада 3-4 шілдеде өтетін саммитке 16 елден президенттер мен премьер-министрлер келеді, БҰҰ бас хатшысы мен өзге де халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп жоспарланған. 


Рекомендовать
Последние новости