Шымкентте балкон қаптау кезінде жұмысшы мерт болды

Сағыныш Сардарова 23 февр. 2026 12:46

Шымкент қаласында тұрғын үйлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

otyrar.kz мәліметіне сүйенсек, бес қабатты үйдің бірінде балконды қаптау бойынша жалдамалы жұмыс атқарып жүрген азамат абайсызда бесінші қабаттан құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Қазір тиісті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove