Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот отырысы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. Айыпталушылар орындығында тоғыз адам отырды, олардың бірі кәмелетке толмаған.
- Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Шыңғыс Белғожаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, былтыр Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды.
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, олардың үйі өртеніп кетті.
Көп ұзамай, яғни 9 желтоқсанда марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев ажал құшты. Полиция департаменті алдын ала деректер бойынша ол суицид жасағанын мәлімдеді. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрғанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті.
Ал марқұм Шерзаттың әкесі бауыры Нұрғанат Ғайыпбаевты жер қойнына тапсырғанан кейін бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап етіп, көшеге шықты. Алайда араға ұзақ уақыт салмай Қаржаубай Нұрымовты полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Артынша Шерзат Болаттың әпкесі қамауға алынды. Кейін Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.