Шекара қызметі 2 млрд теңгеге газтұмылдырық сатып алмақшы

Қаракөз Амантай 09 февр. 2026 13:27

ҰҚК Шекара қызметі жеке құрамды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады. Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында 4 ақпанда жарияланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өтінімдер 12 ақпан күні сағат 09:00–18:00 аралығында қабылданады. Сатып алу "ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу" тәсілі арқылы жүзеге асады.

Конкурс аясында екі лот қарастырылған:

- жалпыәскери сүзгіш газтұмылдырық;

- жалпыәскери қорғаныс жиынтығы.

Әр лотқа шамамен 1 млрд теңгеден қарастырылған. Қорғаныс құралдары Алматы қаласының Түрксіб ауданына жеткізіліп, 2026 жылдың ақпан–наурыз айларында тапсырылуы жоспарланған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove