Қанат Шарлапаев тағы бір қызметімен қош айтысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционерінің 14 қазандағы шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Осы өзгерістен соң директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады.
Айта кетейік, бұған дейін ол Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды. Сонымен қатар,"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.
 
                         
                     
                                     
                                    